13 май 2025

Тренинг "Мәдени күйзелісті жеңу"

 Психологиялық қолдау қызметі маманы Сағындыкова Қ.А. Шәкәрім университеті “КеАҚ” Дайындық бөлімі оқушыларына  "Мәдени күйзелісті жеңу" атты тренинг өткізді. Монғолия мен ҚХР студенттері де қатысты

Білім алушылар тренингке қатысу арқылы:

1.Өз тәжірибесін талдауға мүмкіндік алды

   💡Студенттер өздерінің басқа мәдениетпен алғаш рет кездескен сәттерін еске түсіріп, эмоцияларын, қиындықтарын бөлісті.

   💡Бұл оларды өзара түсіністікке және эмпатияға жетеледі.

2. Топтық жұмыс пен пікір алмасу арқылы тәжірибе жинады

   💡Топтық жаттығулар, рөлдік ойындар арқылы өзіндік пікірін білдіру, өзгелерді тыңдау, бірлесіп шешім қабылдау дағдыларын дамытты.

3.Өзін-өзі тану мен дамуға жол ашты

  💡Студенттер ішкі сезімдерін түсініп, өзіндік бейімделу ресурстарын тапты.

  💡 Өз мәдени түптамырына тереңірек үңіліп, оны бағалай білуді үйренді.

4. Практикалық жаттығулар мен кейстер арқылы тәжірибе жинады

 💡Рөлдік ойындар, пікірталастар, өмірлік мысалдарды талдау арқылы нақты жағдайларды шешуге дағдыланды.