30 ноябрь 2021

Психолог жұмысында метафориялық карталарды пайдалану негіздері

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті кадрлардың біліктіліктілігін арттыру және  қайта даярлау орталығы 2021 жылдың 30 қараша айында «Психолог жұмысында метафориялық карталарды пайдалану негіздері» тақырыпта қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинарды профессор Ш.С.Сатиева өткізді.

Семинарда  қалалық білім бөлімі, колледж, мектеп психологтары қатысып, метафориялық ассоциативті карталармен  жұмыс істеудің негізгі принциптері, жұмыс істеудің әдісін (ашық, жабық, метафораның көмегімен тікелей мағынасы бар) және психикадан материал алудың 5 әдісі және т.б. көптеген мәселелер қарастырылып,  үйретілді.

Соңында қатысушылардың сұранысы бойынша  метафориялық ассоциативті карталармен демосессия жүргізілді.