Шәкәрім университетінде «Қысқы мектеп – 2025»курсыныңекінші күні «Ғылымдағы заманауи тенденциялар» сессиясында Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау орталығының жетекші маманы Самал Жұмашбекова «Магистратура және докторантурада ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру қағидалары» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Баяндама барысында төмендегідей ақпараттар қамтылды:
- Ғылыми тағылымдаманың мақсаты мен маңыздылығы;
- Тағылымдаманы ұйымдастыру қағидалары;
- Нормативтік құжаттар;
- Тағылымдаманы ұйымдастырудағы серіктес ұйымдар;
- Ғылыми тағылымдамадан өту барысында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларға қойылатын талаптар.
Сонымен қатар, осы іс-шара барысында 3 курс докторанттары АжарАбдрахмановна, 8D05301 – «Химия» ББ, ДХМ-201 тобы, Ресей Федерациясындағы Дубна мемлекеттік университетінде, ал Тұрсынхан Жылқыбаев 8D07102 – «Автоматтандыру және басқару» ББ, ДАУ-101.2 тобы, Түркиядағы Нидде Омер Халисдемир университетінде өткен ғылыми тағылымдамалары туралы мазмұнды да қызықты баяндама жасап, ғылыми тағлымдамадан өту барысындағы өз тәжірибелерімен бөліст