пресс-служба Университета Шакарима19 май 2025шәкәрім

«МӘДЕНИ ТАНЫМ» – ҒЫЛЫМ МЕН РУХАНИЯТ САБАҚТАСТЫҒЫ

19 мамырда Шәкәрім университетінде ұлттық руханиятты жаңғырту, мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған дөңгелек үстел өтті.

 

 

«Мәдени таным» тақырыбында іс-шараға елімізге танымал зиялы қауым өкілдері Қазақстан Республикасының беделді дипломаты, халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып жүрген көрнекті мемлекет қайраткері ТеміртайІзбастин, меценат, экономика ғылымдарының магистрі Ермек Бейсембаев, Павлодар облысының зиялы қауым өкілі, қоғамдық кеңестің мүшесі Қайыртай Байтілесов, Абай қорының Президенті, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бекзат Смағұлов, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин қатысты.

 

 

Басқарма төрағасы – ректор Думан Рымғалиұлыеліміздің сыртқы саясатына сүбелі үлес қосып, ел  руханиятын кеңінен танытып жүрген ТеміртайРымтайұлыныңшет елдерде қазақ халқының мәдениетін, тілін, дәстүрін насихаттаудағы еңбегін атап өтті.

Жиында «Абай» қорының Президенті Б.СмағұловТеміртайРымтайұлыныңғылыми және дипломатиялық, Абай мұрасын халықаралық деңгейде насихаттаудағы бірқатар еңбектері туралы мазмұнды сөз қозғады.

 

Т.Ізбастин ұлттық құндылықтың жастарды тәрбиелеудегі маңызын  атап өтіп, шетелдерде ұлы тұлғаларды насихаттаудың қажеттілігін баса айтты. Сондай-ақ Абай шығармаларын, М.Әуезовтің «Көксерек» повесін болгар тіліне аудартып, Болгария елінде Абай атындағы көше мен ескерткіштің ашылуына мұрындық болғандығына тоқталды. 

 

 

Дөңгелек үстел барысында Сұлтанмахмұттың ғұмырнамалық өмір жолының әдеби-ғылыми бірізділенуіне зор үлес қосып, ақынның ғылыми өмірбаянын архив деректері негізінде жүйелеген ғалым, профессор Арап ЕспенбетовС.Торайғыровтың өмір жолы жөнінде мазмұнды баяндама жасады.Ол өз сөзінде ТеміртайІзбастиннің әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Рымтай Ізбастыұлының Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын зерттеп, ақын мұрасын сақтау және насихаттау жолында аянбай еңбек еткенін ерекше атап өтті.

 

 

Жиын соңында ТеміртайІзбастингекәсіби біліктілігі, ел дипломатиясының дамуына, қазақ халқының мәдениетін, тілін, дәстүрін насихаттауға, қазақ мәдениеті мен руханиятына қосқан сүбелі үлесі үшін «Шәкәрім университетінің Құрметті профессоры» атағы берілді.

Сонымен қатар, қоғам қайраткері, Шәкәрім университетінің түлегі, ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы Қайыртай Байтілесов Шәкәрім университетінің мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

 

 

Рухани шарада ұлттық өнеріміздің абыройын әлемге паш етіп жүрген, қазақ опера өнерінің жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин Абай әндерін орындап, көрерменді бір серпілтіп тастады.

«Мәдени таным» дөңгелек үстелі оқытушылар мен білім алушыларға ұлттық болмыс пен руханиятты дәріптеу, ғылым мен мәдениетті сабақтастыру бағытында маңызды алаң болды.

 

 

Сонымен қатар,  іс-шара қонақтары университет кітапханасындағы көне кітаптар қорымен, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының, Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына арналған музейдің жұмысымен, сондай-ақ,  оқу орнында жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесімен танысты.