пресс-служба Университета Шакарима22 январь 2025шеберлік сабақ

ӨНЕРДІҢ СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМІНДЕГІ ШЕБЕРЛІК САБАҚТАР

Бүгін Білім беру жоғары мектебінің Өнер кафедрасының ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінің оқытушылары мен қызметкерлеріне  «Сиқырлы өнер әлемі» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізілді. Шеберлік сабақтар үш бағытты қамтыды: мүсін өнері, «кілем кесте» техникасы және «Кинусайга» жапондық бейнелеу өнері техникасы.

 

 

Мүсін өнері бойынша  шеберлік сабағын ұйымдастырушы, Өнер кафедрасының оқытушысы Еркебұлан Тәтиев қатысушыларды арнайы дайындалған формаларды пайдаланып, гипстен бұйымдар құйып шығару, «құмыра дөңгелегі» станогында құмыралар, ыдыстар т.б. бұйымдар жасау өнерімен таныстырды. Қатысушылар да осы өнерді меңгеру тәжірибесінен өтті.

 

 

«Кілем кесте» техникасы шеберлік сабағында Өнер кафедрасының оқытушысы Әсем Алмабек қатысушыларды кілем кесте техникасына барынша қызықтырып, шағын бұйымдар жасаттырды.

 

 

Кинусайга техникасы бойынша шеберлік сабағын өткізген Өнер кафедарсының оқытушысы Б.Нысанғалиева әріптестерін «Кинусайга» жапондық бейнелеу өнері техникасымен таныстырып, жұмыс істеу технологиясын үйретті.

 

 

Жалпы «Сиқырлы өнер әлемі»  шеберлік сабағы Шәкәрім университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын туғызды, бұндағы негізгі ерекшелік – өз қолыңмен бұйым жасау тәжірбиесінен өту болды.