пресс-служба Университета Шакарима25 сентябрь 2024шәкәрім университеті

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Shakarim University-дің 90 жылдығына орай Өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарының шығармашылық бағыттағы педагогтары арасында ғылымдағы және оқу үдерісіндегі цифрлық коллобарацияны орнату жолдарын қарастыру» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан және Өзбекстан елдерінің ғалымдары қатысты.

Конференцияның пленарлық мәжілісін университеттің Білім беру жоғары мектебінің деканы  Мұхтар Әбдікәкімов ашты. Келесі кезекте «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, «500 ғалым» ғылыми тағылымдама «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, педагогика ғылымдарының кандидаты Бақтыгүл Бодауова кіріспе сөз сөйлеп, бүгінгі конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференция барысында Түркиянің Ақдениз университеті Қашықтықтан білім берудің қолданбалы-зерттеу орталығының директоры, профессор, PhD Үміт Дениз Улучар;  Ақдениз университетінің музыкалық өнер факультетінің қауымдастырылған профессоры, (PhD) өнертану ғылымдарының докторы Ченгиз Шенгюл; Дәстүрлі түрік өнері кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD Омер Займоглу; Ресейдің Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті Музыкалық және эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Павел Феттер; Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің Музыка мәдениеті факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Вахиджон Қозибоев; филология ғылымдарының докторы Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми-зерттеу орталығынан Эльван Джафаров  және Shakarim University Өнер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Марал Татиева сынды ғалымдар  ғылымдағы және оқу үдерісіндегі цифрлық коллобарацияны орнату жолдарын қарастырумен қатар, шығармашылық бағыттағы мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері мен шығармашыл ұстаздарды тәрбиелеудегі заманауи тәсілдер, студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және оларды дамыту жайлы дәйекті ойларын ортаға салды.