пресс-служба Университета Шакарима16 январь 2025жасанды интеллект

ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС

“АІ дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер: білім берудің интеллектуалды трансформациясы” деп аталатын қысқы мектеп  курсының «Жасанды интеллект және деректермен  жұмыс жасау» сессиясында физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мәдина Мансұрова  дәріс өткізді. 

 

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәжірибесі: AI және Big data» тақырыбындағы дәрісте Мәдина Мансұрова жасанды интеллект пен үлкен деректерді зерттеу және қолдану саласындағы университеттің жетістіктері мен бастамаларын таныстырды. Ол ҚазҰУ-да жасанды интеллект және Big Data (тура мағынасында "үлкен ақпарат" деген ұғымды білдіреді) технологияларын оқу үрдісіне енгізудің маңыздылығы мен тиімділігі туралы айтып, осы салалардағы студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атап өтті.

 

Дәрісте Мәдина Мансұрова университетте жасанды интеллект және үлкен деректерді қолдану бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жобалар, сонымен қатар осы бағыттағы оқу бағдарламалары мен тренингтер туралы мәліметтермен бөлісті. Ол университеттің әртүрлі саладағы кәсіпорындармен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқанын, бұл өз кезегінде студенттер мен ғылыми қызметкерлер үшін жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты.

 

Мәдина Мансұрова сонымен қатар, жасанды интеллектінің білім беру саласында және басқа да салада қалай қолданылып жатқанына тоқталып, жаңа технологияларды енгізу арқасында білім беру жүйесінде болып жатқан интеллектуалдық трансформациялардың болашағын талқылады. Дәріс барысында тыңдаушылар жасанды интеллект және деректермен жұмыс жасау саласында өз білімдері мен дағдыларын жетілдіру жолдары туралы пікір алмасып, өз сұрақтарын қойды.