🎓 Психологиялық қолдау қызметі мен Психология кафедрасының аға оқытушысы Куребаева Г.А., Карменова К.А. бірлесе отырып Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі студенттеріне 🌿 «Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтен студенттер не алды? Стресс туралы түсінік:
🌿 Стрестің түрлерін (оң/теріс), себептерін және белгілерін ажырата білуді үйренді.
Өзін-өзі тану дағдылары дамыды:
🌿 Стресс кезінде өз реакцияларын байқауды және сол жағдайды басқарудың жолдарын қарастырды.
Практикалық әдістермен танысты:
🌿 Позитивті ойлау тәсілдері
🌿 Уақытты тиімді басқару әдістері
Психологиялық қолдау маңызды екенін ұғынды:
🌿 Көмек сұрау, достармен немесе маманмен сөйлесудің стресске қарсы тиімді құрал екенін түсінді.
Қауіпсіз орта маңызын білді:
🎓 Университет – қолдау табуға болатын, еркін ой айтуға мүмкіндік беретін орын екеніне көз жеткізді.