25 april 2025

«Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» Студенттерге арналған мотивациялық тренинг!

🎓 Психологиялық қолдау қызметі мен Психология кафедрасының аға оқытушысы Куребаева Г.А., Карменова К.А. бірлесе отырып Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі студенттеріне 🌿 «Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтен студенттер не алды? Стресс туралы түсінік:

🌿 Стрестің түрлерін (оң/теріс), себептерін және белгілерін ажырата білуді үйренді.

 Өзін-өзі тану дағдылары дамыды:

🌿 Стресс кезінде өз реакцияларын байқауды және сол жағдайды басқарудың жолдарын қарастырды.

Практикалық әдістермен танысты:

🌿 Позитивті ойлау тәсілдері

🌿 Уақытты тиімді басқару әдістері

Психологиялық қолдау маңызды екенін ұғынды:

🌿 Көмек сұрау, достармен немесе маманмен сөйлесудің стресске қарсы тиімді құрал екенін түсінді.

Қауіпсіз орта маңызын білді:

🎓  Университет – қолдау табуға болатын, еркін ой айтуға мүмкіндік беретін орын екеніне көз жеткізді.