Психологиялық қолдау қызметі
№3 жатақхана студенттеріне ✨ “Эмоционалды интеллект :өзіңді түсіну және өзгелерді” атты тренингті Сағындыкова Қ.А. маманы өткізді.
Студенттер не ала білді:
1. Эмоцияны басқару дағдысы
- Күйзеліс кезінде сабырлы болуға, жағымсыз эмоцияларды бақылауға үйренді.
- Импульсивті әрекеттерден аулақ болуды түсінді.
2. Эмпатия қабілетін дамыту
- Басқа адамдардың көңіл күйін, сезімін тануға және соларға сәйкес әрекет етуге дағдыланды.
- Біреудің орнын өзіне қойып көруді тәжірибе етті.
3. Қарым-қатынас және командалық жұмыс
- Тыңдау, өз ойын ашық және сыпайы жеткізу сияқты дағдылар қалыптастырды.
- Басқалармен тиімді жұмыс істеу, келіспеушілікті конструктивті түрде шешу жолдарын меңгерді.