15 мамыр 2025

Тренинг "Эмоционалды интеллект:өзіңді және өзгелерді тану"

Психологиялық қолдау қызметі
№3 жатақхана студенттеріне  ✨ “Эмоционалды интеллект :өзіңді түсіну және өзгелерді” атты тренингті Сағындыкова Қ.А. маманы өткізді.

Студенттер не ала білді:

1. Эмоцияны басқару дағдысы

  • Күйзеліс кезінде сабырлы болуға, жағымсыз эмоцияларды бақылауға үйренді.
  • Импульсивті әрекеттерден аулақ болуды түсінді.

2. Эмпатия қабілетін дамыту

  • Басқа адамдардың көңіл күйін, сезімін тануға және соларға сәйкес әрекет етуге дағдыланды.
  • Біреудің орнын өзіне қойып көруді тәжірибе етті.

3. Қарым-қатынас және командалық жұмыс

  • Тыңдау, өз ойын ашық және сыпайы жеткізу сияқты дағдылар қалыптастырды.
  • Басқалармен тиімді жұмыс істеу, келіспеушілікті конструктивті түрде шешу жолдарын меңгерді.