Қабылдау кестесі : Сәрсенбі,16:00-20:00. Сенбі,16:00-20:00.
Басқарма төрағасы - Ректор
Білімі
2005 жыл - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің "Тамақ өндірісіндегі технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша)" мамандығы бойынша "Инженер-механик" біліктілігі берілді
2020 жыл - Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің "Экономика" мамандығы бойынша "Экономика және бизнес" бакалавры дәрежесі берілді
Еңбек белсенділігі
01.11.2008 - 01.04.2011 - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің "Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" кафедрасының аға оқытушысы
01.04.2011 - 01.09.2012 - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы
06.09.2012 - 03.01.2019 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басшысы
04.01.2019 - 14.11.2019 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары
15.11.2019 - 27.11.2020 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры
30.11.2020 - 06.10.2022 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары
10.10.2022 - 30.06.2023 - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары
01.07.2023 - қазіргі уақытта - «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры
Марапаттар
2018 жыл - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі
2021 жыл - «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі
2022 жыл - «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі