Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 желтоқсан 2021

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы болып табылады. Осы мақсатта Шәкәрім университеті еліміздің бірқатар ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.
Шәкәрім университетінің басшысы Б.Ердембеков Торайғыров университетінің басшысы Е.Садыков және Павлодар педагогикалық университетінің басшысы Ж.Жилбаевпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум тараптардың білім беру қызметіне байланысты серіктестік болып табылады.
Меморандум аясында аталған жоғары оқу орындары өзара сенімді серіктес атанып, білім және ғылым саласында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырады.