Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының «Білім беру саясатындағы өзгерістер жағдайында педагогтардың ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру және үйлестіру» жетекші тақырыбына сәйкес міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін университеттің жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің қызметін үйлестіру;
- ПОҚ, жас ғалымдар мен білімалушылардың үздіксіз педагогикалық білім беруді дамыту мәселелері бойынша кешенді және пәнаралық ғылыми зерттеулерін жүзеге асыруда инновациялық ғылыми қызметін әдістемелік қолдау және қамтамасыз ету;
- Мониторингтік зерттеулер негізінде педагогтардың білімін бағалау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының тиімділігінің нақты жағдайы мен проблемаларын анықтау;
- Университеттер мен білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесуінің әртүрлі нысандарын, оның ішінде білім беру субъектілерінің желілік өзара әрекеттесуін, мектептердің, колледждердің және университеттердің ғылыми зерттеулерді жобалаудағы ынтымақтастығын жандандыру;
- Университеттің жоғары мектептеріндегі жас оқытушылардың үздіксіз кәсіби дамуын қолдау шеңберінде педагогикалық қызметтегі озық тәжірибелерді салыстыру және мұғалімдер арасындағы конкурстар бойынша жұмысты ұйымдастыруға үлес қосу.