Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қараша 2021

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ

 

24-26 қараша аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «МӘДЕНИ МҰРА» атты Халықаралық суретші–педагогтар симпозиумы өткен болатын.

Шараға Шәкәрім университетінің Өнер және музыка кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., М.Мырзаканов пен ҚР Суретшілер одағы мен Дизайнерлер одағының мүшесі, суретші Т.Жұбанышевтар қатысты.

Симпозиум заманауи педагогикалық көркем білім беру мәселелерін зерттеп жүрген ЖОО ғалымдарының, докторанттар мен магистрантардың, суретші-педагогтардың, орта мектептерде дәріс беретін көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу нәтижелері мен көкейкесті мәселелері бойынша шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Алыс-жақын шетелдің суретші-оқытушылары қатысқан жиын елімізде алғашқы мәрте ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шарада Шәкәрім университетінің оқытушылары Т.Рахымұлы 2 орынды, ал М.Сексенбайұлы 3 орынды иеленді.

#Өнер және музыка кафедрасы