Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 ақпан 20221

"ШӘКӘРІМ ГРАНТЫ" ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

 
Бүгін Шәкәрім университетінде мектеп оқушылары арасында «Шәкәрім гранты» жүлдесі үшін өтіп жатқан пәндік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың екінші кезеңі бастау алды. Әр мектептен келген болашақ түлектер математика, биология, шетел тілі, тарих және музыка пәндерінен бақтарын сынауда.
Бірінші кезеңге қатысушылардың жиынтық саны – 441 болса, олардың 138-і екінші кезеңге жолдама алған.
Пәндік олимпиада қорытындысы 4 ақпан күні жарияланады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі университетіміздің Ә.Тәңірбергенов көшесі 1 мекен-жайында орналасқан № 1 оқу ғимаратында сағат 14.30 да өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!