Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 қараша 2021

ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАР МЕН ЖАҢА ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысында жоғары оқу орны студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жобалар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 30-ға жуық өтінім келіп түсіп, оның 12 жобасы қорытынды кезеңге өтті.

Ағымдағы жылдың 11-16 қарашасы күндері аралығында Өскемен және Семей қалаларында байқаудың іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар өз жобаларын қорғады. Олар: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Сұңғатбекова Дина мен Дидарқызы Аружанның «Парасат керуені» жобасы, Ринатова Анель мен Марат Жұпардың «Адалдық балабақшадан басталады» жобасы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері Қалиқанова Нұрайдың «Құқықтық кездесулер» жобасы, Карманова Ажардың «Парасаттылық формуласы» жобасы, Серғалиев Бекарыстың «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша Практикум» жобасы, Шәкәрім университетінің студенттері Аубакирова Рамиляның «Конкурс на лучший мем антикоррупционного характера для студентов вуза» жобасы, Бопаева Алмагүлдің «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру: мәселелер және даму келешегі» жобасы, Рүстемұлы Мират пен Жалелова Аружанның «Саналы иммунитет» жобасы, Фархадов Исламның «Внедрение европейского международного стандарта ISO 37001 «Система менеджмента противодействия коррупции» жобасы, Құрманғалиев Ерасыл мен Қабдулмажитұлы Асанәлінің «Незаконный сбыт лесного материала» жобасы, Семей медицина университетінің студенті Нұрахметова Жанеркенің «Күш әділдікте» жобасы, Әлихан Бөкейхан университетінің студенті Әмірғалин Дастанның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру» жобасы.

Конкурс қорытындысы және комиссияның шешімі бойынша 1 орынды Шәкәрім университетінің студенттері Рүстемұлы Мират пен Жалелова Аружанның «Саналы иммунитет» жобасы, 2 орынды Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Ринатова Анель мен Марат Жұпардың «Адалдық балабақшадан басталады» жобасы, 3 орынды С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері Серғалиев Бекарыстың «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша Практикум» жобасы иеленді.

Байқау жеңімпаздары 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылатын аймақтық форумда марапатталатын болады.