Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті
Негізгі қызмет түрлері:
- Факультеттерде және жалпы университетте тәрбие жұмысын үйлестіруді, ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлауды қамтамасыз ету;
- Университеттің тәрбие үрдісін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттаманы әзірлеу;
- Жатақханаларға студенттерді орналастыру және шығару бойынша бақылауды жүзеге асыру, ондағы санитарлық тәртіп пен құқықтық тәртіптің сақталуын, жатақханадағы Студенттік кеңестердің жұмысын үйлестіру;
- Университеттің Кураторлар кеңесінің қызметін үйлестіру барысында өзгерістер енгізуді қайта қарау;
- Тәрбие жұмысын жүргізу сапасын бақылау және бағалау жөніндегі анықтамалық, есептік және басқа да құжаттарды дайындау және оларды басшылыққа, университеттің Ғылыми Кеңесіне ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне университет қызметінің көрсеткіштері туралы есептік құжаттаманы дайындауға қатысу.;
- Декандардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен студенттік топ кураторларына әдістемелік көмек көрсету;
- Факультеттерде және жалпы университетте өткізілетін әлеуметтік және тәрбие жұмысын талдау және бақылау;
- Қаланың, облыстың, республиканың және өзге де жастар ұйымдарымен, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдарымен байланысты жүзеге асыру;
- Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ережелер мен әдістемелік ұсынымдар шығару;