15 маусым 2021

SHAKARIM UNIVERSITY ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

SHAKARIM UNIVERSITY ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шәкәрім университетінде Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Керімбекқызы Есімбекова "Шәкәрім жастары" интеллектуалды орталығымен танысты.
Шара барысында Shakarim University жастарымен кездесіп, болашақ маман иелерінің жоспарларымен танысып қайтты.
Аталмыш кездесу Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өтті.
Айта кетейік, маусым айында білім ордасында "Шәкәрім жастары" интеллектуалды орталығының ашылу рәсімі өткен. Жиынға Басқарма төрағасы - Ректор Б.А.Ердембеков бастаған құрылымдық бөлім басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысқан болатын.