28 мамыр 2021

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Шәкәрім шаңырағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "ШӘКІРІМ-CUP" атты пікірсайыс турнирі мектеп ұстаздары арасында өткізілді.
"Конгресс" интеллектуалды дебат клубының ұйымдастыруымен өткен шара қазақ дебат қозғалысының мектеп лигасында жандануына бағытталды.
"ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың бастамасымен білім ордасында өткен оқытушылар пікірсайысын дәстүрге айналдыру біздің басты міндетіміз. Сол арқылы біз адуынды жастарды тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса аламыз",- деді Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры М.Карибаев.
Дебат толықтай қазақ тілінде өтті. Турнир БПФ форматын қамтып ойнатылды.
Шара соңында жеңімпаздарға арналған марапаттау қағаздары мен кубоктар берілді.


НӘТИЖЕСІНДЕ:
1 орын
"Бұлақ"
Нуримханова Еңлік
Кадірбекова Ұлжан


2 орын
"Көк жиек"
Кенжебекова Жанар
Аманбердинова Еркежан


3 орын
"Тек қана әділет үшін"
Тұрысбеков Мирам
Акимбаев Жарқын


Финалист
"19 мектеп"
Байбазарова Зарина
Шарифоллина Балауса


Үздік спикер
Аманбердинова Еркежан
Үздік төреші
Заманбек Жасұлан "Конгресс" ИДК марапатталды.