2022 жылдың 10 қазанында Шәкәрім университетінде психологиялық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Шолпан Серікбосыновнаның ұйымдастыруымен "Психикалық денсаулық күніне" арналған іс-шара жүргізілді. Бұл іс-шарада көптеген ойындар мен жарыстар өтілді. Соның ішінде: До-101 және пип-101 с топ студенттерінің ұйымдастырған "Амандасу" жаттығуы; Пмно-101 тобының студенттері өткізген "Кедергіден өту","Көңіл күй " ойындары; Мо-101 тобының студенттерінің өткізуімен "Сөйлем құрау" ойындары, 1 аптаға арналған би челленджі т.б. шаралар ұйымдастырылды. Іс- шараның соңы Ия-101 топ студенттерінің ұйымдастыруымен "Улыбнись" флешмобымен аяқталды. Аталған іс-шара қоршаған орта жағдайында адам денсаулығына әсер ететін психологиялық факторларды анықтау т.с.с. психикалық күйлерді психологиялық ғылымның бір саласы ретінде денсаулыққа қатысты құбылыстарды зерттеуге бағытталып, қолданбалы міндеттерге сай жүргізілді.