31 қаңтар 2023

«Стрессті басқару. Менің оқуға қажетті ресурстарым»

2023 жылдың 31 қаңтарда Шәкәрім университетінде психологиялық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ш.С.Сатиеваның ұйымдастыруымен «Стрессті басқару. Менің оқуға қажетті ресурстарым»  атты психологиялық-әлеуметтік тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: студенттердің психологиялық денсаулығын эмоционалды күйзелістін алдын-алуы арқылы болдырмауды үйрету. Тренинг міндеті: стресстік жағдайларды және одан шығу жолдарын талдау дағдыларын меңгеру; мәселелерді шешу үшін ішкі ресурстарды анықтау, белсендіру және пайдалану.