Психологиялық қызмет жетекшісі профессор Ш. Сатиева Астана қаласында 10-12.04.2024 ж. аралығында «Польшаның оқу бағдарламасының тұсаукесері (жоба) Piotr Jabłonski Ph.D, Artur Malczewski Ph.D ұлттық алдын алу және тәуелділік орталығы» ұйымдастырған семинарға қатысып қайтты. Семинардың негізгі қағидасы тәуелділік мәселесіне жан-жақты, теңдестірілген, ғылыми негізделген көзқарас және еуропалық алдын алу стандарттары болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Cadap-Орталық Азияда есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі бағдарлама.
Семинар модераторлары: Януш Серославский, Богуслава Буковская және Петр Яблонский болды.
Күтілетін нәтиже: бұл 1. Әйелдерге және халықтың осал топтарына (жастар, мигранттар және басқа да осал адамдар) бағдарланған селективті профилактика бағдарламасы үшін басшылықты әзірлеу; 2.Стигманы төмендетуге бағытталған араласу үшін білім беру материалдарының пакеті әзірленді; 3.Нашақорлықтың алдын алу жөніндегі негізгі оқу бағдарламасын әзірлеу.
Cadap (Central Asia Drug Action Programme арнайы профилактикалық мамандарға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін нашақорлықтың алдын алу бойынша негізгі оқу бағдарламасын әзірлеуді талқылау және бастау) ұйымдастырған семинар жоғары деңгейде өткізілді.