Құрметті талапкерлер!
Құрметті мектеп және колледж түлектерінің ата-аналары!

          Сіздер жауапты таңдау алдында тұрсыздар. Сіздердің қазіргі шешімдеріңіз – келешектеріңіздің айнасы, жарқын болашағаңыздың кепілі.

          SHAKARIM UNIVERSITY бүгінде білім кеңістігінде өзіндік орнын нақтылады. Білім ордасы жоғары кәсіби білім беру саласындағы уақыт ағымына сай алға қойған міндеттерін табысты шешіп, білім және ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінуде.

          SHAKARIM UNIVERSITY – тек қаладағы ғана емес, тұтас өңірдегі маңдайалды білім ошағы. 

          Құрметті жас дос, Сіздер ғасырға жуық тарихы бар  SHAKARIM UNIVERSITY-ін таңдайтыныңызға сенімдімін. Біздің университет уақыт сынынан лайықты өтті. Біздің жүздеген мың түлектеріміз елдің қоғамдық-саяси, экономикалық өміріне белсенді араласуда.

          Қымбатты болашақ студенттер, сіздер қоғамның айнымас бөлігісіздер. Сіздерге АБАЙ ОБЛЫСЫН одан әрі нығайтуға үлкен үміт пен сенім артылады.

          SHAKARIM UNIVERSITY – қуатты материалдық - техникалық базасы, оқу ғимараттары, студенттік жатақханалары бар заманауи жетекші жоғарғы оқу орны.

          Классицизм, IT-технологиялар, профессорлардың жаңашыл ойлауы, кадрларды жаңарту, білім алушыға арналған әлеуметтік кепілдіктер – бұл SHAKARIM UNIVERSITY-нің төлтаңбалары болып табылады.

          Біз, SHAKARIM UNIVERSITY, жетекші халықаралық рейтингтердің бірінші қатарына кіруді мақсат етіп отырмыз.

          Бүгінгі таңда өңірлер мен өңірлік университеттердің дамуы мемлекет үшін ерекше қызығушылық тудырады. Мүмкіндіктердің кеңеюі, халықаралық танымалдылықтың артуы, академиялық ұтқырлық - мұның бәрі сіздің кәсіби және жеке дамуыңызға мүмкіндіктер ашады.

          SHAKARIM UNIVERSITY – білім беру сапасына және жұмысқа орналасуға кепілдік береді.

          Дұрыс таңдау жасаңыз.

          Мен де, сіз сияқты, бұл таңдауды 2000 жылы SHAKARIM UNIVERSITY табалдырығын алғаш рет тәукелмен  аттап, шешім қабылдадым.

          Жылдар өтті...

          Қазір мен үшін Шәкәрім шаңырағында қызмет етудің сәті түсті.  Бұл жолы профессорлық - оқытушылар құрамымен бірге сіздің болашақ өміріңіздің контурын дәл осы жерде, сіздің жеріңізде, университетіңізде анықтауға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Сіздің ректорыңыз,
Думан ОРЫНБЕКОВ