«Тарих және археология» ғылыми орталығы – Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің құрылымдық бөлімшесі, сонымен қатар, Абай облысы территориясындағы тарих, археология және этнография мәселелері бойынша басты сараптамалық, ғылыми-зерттеу орталығы.
ҒЗО мақсаты мен негізгі міндеттері:
«Тарих және археология» ғылыми орталығының негізгі мақсаты – өңірдегі тарих, археология және этнографияның өзекті мәселелерін зерттеу.
«Тарих және археология» ҒЗО өңір тарихының өзекті мәселелерін зерттеу бағытында төмендегі міндеттерді алға қояды:
- Отандық тарихтың құрамдас бөлігі саналатын өлке тарихының өзекті мәселелерін зерделеу;
- Археологиялық және этнографиялық экспедицияларды ғылыми тұрғыда үйлестіру;
- Орталықтың ғылыми деректік және тарихнамалық базасын жасақтау;
- Республика аумағындағы және іргелес көршілес елдердің іргелес өңірлердегі ғылыми орталықтармен байланыс орнату;
- Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан жарияланған гранттық жобалар конкурсына қатысу;
- Орталықты «Тарих» мамандығы студенттерінің ғылыми-тәжірибелік алаңы ретінде қалыптастыру;
- Мемлекет басшысының тарихи идеологиялық мақалаларын және Үкімет тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру;
- Өңір тарихына қатысты ғылыми басылымдарды баспаға дайындау.