16 маусым 2023

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫ

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы" ҚР ҒжЖБМ 02.06.2023 жылғы № 251 бұйрығына сәйкес бакалавриат бойынша 12 орынға және магистратура бойынша 1 орынға ашық конкурс жариялайды.

ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау Ережесі:

1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын білім алушыларға (бакалавр 3-курстан бастап) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын білім алушыларға беріледі.

«Қанағаттанарлықсыз» деген бағаны қайта тапсырған  білім алушыларға стипендия тағайындалмайды.  

2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

а) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

б) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

в) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстармен белсенді айналысатындар;

г) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2023 жылғы 16 маусымға дейін тек 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша қабылданады, өйткені жазғы сессия әлі аяқталған жоқ.

2022-2023 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелері және курстан курсқа ауысу нәтижесі бойынша конкурс шілденің ортасында немесе тамызда өткізіледі. Алдын ала ақпарат назарға жеткізілетін болады.

Білім алушылар факультет деканатына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • Конкурсқа қатысу үшін университеттің Басқарма Төрағасы - Ректор атына өтініш;
  • Транскрипт (sdo.semgu.kz - «Карта документа» қағаз жүзінде);
  • Жетістіктерін растайтын құжаттар көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар, куәліктер);
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Жеңілдіктерді растайтын құжаттар көшірмелері (жетім, мүгедек, көпбалалы отбасы және т.б.).