30 маусым 2023

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ

Құрметті талапкерлер!
БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ конкурсына қатысу туралы өтініш 2023 жылдың 13-20 шілде аралығында www.egov.kz «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады.
Өтінімді толтырар кезде ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет болады. Талапкер 18 жасқа толмаса ата – анасының біреуінің ЭЦҚ болуы керек.
БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ туралы өтінішті
1. www.egov.kz «Электрондық үкіметтің» веб-порталында;
2. Шәкәрім университеті Қабылдау комиссиясының өз – өзіне қызмет ету залында;
3. Шәкәрім университеті Қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары арқылы бере аласыз.