ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!
2023 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында 12 шілдеден бастап, 3 тамызға дейін жүргізіледі.
Өтініш беру кезінде тек ТЕСТІЛЕУ ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар.
Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.
Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.
МАҢЫЗДЫ:
1️.TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылғы 4 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 1️4️ 1️6️2️ теңгені құрайды;
2️.Докторантураға түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
3️.Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар адамдар қабылданады;
4️.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.
- Соңғы хабарландырулар
-
«АЛАШ ҚАЛАСЫ – ЖАҢҒЫРҒАН ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҰҢҒЫШ АСТАНАСЫ»
01-07-2024
-
«Құнанбай Өскенбайұлы: тұлға, тарих, феномен» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
14-06-2024
-
"Shakarim Awards-2024"
30-05-2024
-
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША
24-05-2024
-
АШЫҚ ДӘРІС: ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВ
15-05-2024
-
2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс
24-04-2024