08 қараша 2023

Global UGRAD 2023-2024 Халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы

Global UGRAD - АҚШ колледжі немесе университетінде дәреже алмай, бір семестр академиялық оқытуға стипендия беретін бакалавриат студенттерін алмасу бағдарламасы. Бұл бағдарламаны АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдени бағдарламалар бөлімі басқарады.

 

Бағдарламаның мерзімдері: 2024-2025 оқу жылының бір семестрі (таңдау бойынша не күзгі, не көктемгі).

 

Бағдарлама басталған сәтте қатысушылар 18 жаста болуы тиіс. Бакалавриаттың 1, 2, 3 курс студенттері қатыса алады (сондай-ақ 5 жылдық оқу кезінде 4 курс).

 

Бағдарлама толық қаржыландыруды қамтамасыз етеді және:

• J-1 визасын алуға қолдау көрсету;

• Туған қаладан АҚШ-қа қабылдаушы университетке дейін және кері қайту жолақысын төлеу;

• Ауру және жазатайым оқиға жағдайларына арналған медициналық сақтандыру;

• АҚШ-та оқуға ақы төлеу;

• АҚШ-та тұруға және тамақтануға ақы төлеу;

• Ұсақ шығыстарға арналған шағын стипендия;

• Оқулықтарды сатып алуға шектелген қаражат;

• Бағдарлама түлектері үшін кәсіби өсудің кең мүмкіндіктері.

 

Конкурс туралы толық ақпаратпен @ skacc _ shakarim таныса аласыздар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер бастапқы іріктеуден өту үшін өз кафедрасына жүгінуі қажет.