13 қаңтар 2022

Құрметті талапкерлер!

ҰТО елдегі төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ҚАҢТАР айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылғанын хабарлайды.

ҰБТ өткізу мерзімі: 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығы.

Тестілеудің өткізілуі келесі мерзімдерге ауыстырылды:
-11 қаңтардан 29 қаңтарға;
-12 қаңтардан 5 ақпанға;
-13 қаңтардан 11 ақпанға;
-14 қаңтардан 12 ақпанға;
-15 қаңтардан 21 ақпанға;
-17 қаңтардан 14 ақпанға;
-18 қаңтардан 15 ақпанға;
-19 қаңтардан 16 ақпанға;
-20 қаңтардан 17 ақпанға;
-21 қаңтардан 18 ақпанға;
-24 қаңтардан 19 ақпанға.

 Бұл ретте басқа күндерге жоспарланған ҰБТ өз уақытында өтетін болады.

Сонымен қатар, академиялық кезең аяқталғанға дейін ЖОО-ға қабылданған тұлғаларды және ауысатын студенттерді оқуға қабылдау кезеңі ұзартылатын болады.

Тестілеу күндері туралы ақпарат тестіленушінің Жеке кабинетінде қолжетімді.