20 қаңтар 2022

«START UP – Шәкәрім 2022» жобалар байқауы

Шәкәрім университеті 2022 жылдың 20 қаңтары мен 15 сәуір аралығында «START UP – Шәкәрім 2022» жобалар байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

- Үздік стартаптарды анықтау және дамыту;

- Жобалық-бағдарлы оқытуды дамыту;

- ЖОО білім алушыларының ғылыми-практикалық қызметінің тиімділігін арттыру;

- Әр түрлі қаржыландыру көздері арқылы әрі қарай коммерцияландыра отырып, зияткерлік қызмет нәтижелерін жасау;

- Инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Байқаудың міндеттері:

- Шәкәрім университетінің стратегиялық даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми, кәсіпкерлік және зерттеу қызметіндегі белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;

- Студенттер, магистранттар, докторанттар, университет оқытушылары, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасында өзара байланысты дамыту және тұлғааралық қарым-қатынас нысандарын кеңейту;

- Қолданбалы ғылыми зерттеулердің практикалық мүмкіндіктерін көрсету;- ғылым мен өндірістің әртүрлі салаларындағы мамандардың қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

«START UP – Шәкәрім 2022» жобалар байқауына Шәкәрім университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатыса алады. Байқауға қатысу тегін. Конкурстың ресми тілі – мемлекеттік және орыс тілі.

1. Конкурс кестеге сәйкес өткізіледі.

2. Конкурс екі кезеңде өткізіледі: іріктеу және финалдық кезең.

3. Жұмыстарды қабылдау және конкурс өткізу тәртібі.

3.1. Конкурсқа қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет: ғылым департаментіне:

- титулдық бет (1 қосымша);

- өтініш (2-қосымша);

- конкурсқа қатысуға өтінім (жобаның бизнес-жоспары (өткізу нарығының маркетингі, өнімнің немесе қызметтердің құны және жылжыту, Стартапты іске асырудың болжамды тәуекелдері) (3-қосымша);

- жобаның іске асыруға дайындығы.

3.2. Конкурсқа қатысуға арналған титул парағы, өтініш, өтінім (*.pdf) байқау поштасына жіберіледі orpc2021@mail.ru