18 сәуір 2022

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!!

Ашық сабақтар панорамасы

Қазіргі жоғары мектептің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – профессор-оқытушылар құрамының үздіксіз білім алуын, олардың кәсіби және шығармашылық өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, озық тәжірибені тарату профессор-оқытушылар құрамы үшін тәжірибе алмасудың тиімді түрлері болып табылады.
Осы мақсатта 2022 жылдың 18-24 сәуір аралығында Шәкәрім университетінде «Ашық сабақтар панорамасы» өткізіледі.
Қатысуға факультет, кафедра, дайындық бағытына тәуелсіз ниет білдірушілердің барлығы, әсіресе, жас оқытушылар шақырылады.
«Ашық сабақтар панорамасы» кестесі ais.semgu.kz порталында орналасқан.