29 қыркүйек 2022

ҚҰРМЕТТІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

29 қыркүйек пен 2 қазан күндері аралығында Абай атындағы театр сахнасынан Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік қойылымдарын тамашалауға шақырамыз!
29 қыркүйек күні сағат 15.00-де Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы, сағат 18.00-де Таласбек Әсемқұловтың «Құнанбай» қойылымы;
30 қыркүйек күні сағат 18.00-де Халифа Алтай мен Хасен Оралтайдың «Алтайдан ауған ел» қойылымы;
1 қазан күні 11.00де балаларға арналған «Бразилия байлығы» ертегісі сағат 18.00-де Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы;
2 қазан күні сағат 15.00-де және 18.00-де Серік Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы ұсынылады.
ТЕАТРДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!
Өтетін орны: «Абай атындағы театр» Абай алаңы, 1.
Билеттер тикетон кз сайтында сатылымда!
Байланыс телефоны: 8701 676 4680