05 желтоқсан 2022

Кешенді тестілеу тапсырып, шекті балл жинаған магистратураға түсушілердің назарына!

2022 жылғы 6-12 желтоқсан аралығында магистратураға БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА қатысу үшін өтініштер қабылданады.
Грант конкурсына құжаттарды қабылдау жоо-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни Сіздер құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра аласыздар.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды:
  1. жеке куәлігінің көшірмесі;
  2. жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
  3. КТ сертификаты;
  4. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (оқуға түскен жағдайда ғана жоо-ға ұсынылады);
  5. шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған кезде) тапсыру қажет.

Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш ЖОО-ны көрсетеді.

Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 15-25 желтоқсан аралығында өтеді. Сәттілік тілейміз!