Мақсат 6. Таза су мен санитария
Семей қаласын сумен жабдықтау көзі Ертіс өзенінің жер асты және жер үсті сулары болып табылады. Семей қаласының тұрғындарын сумен жабдықтауды «Семей Водоканал» МКК кәсіпорны жүзеге асырады. Шәкәрім университеті Семей қаласында орналасқандықтан орталық сумен жабдықтау және кәріз жүйелері пайдаланылады.
Сонымен бірге университет Суды үнемдеу саясатын бастады (су үнемдеу құралдарын енгізу). Көгалдар мен орман өсімдіктерін автоматты суару қолданылады.
Университеттің барлық оқу ғимараттары тегін ауыз су кулерларымен жабдықталған.