OR111474297 "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі: қауіпті бағалау, олардың алдын алу мен жоюдың ғылыми-техникалық негіздері"
Жоба жетекшісі: Байғазанов Абдрахман, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент
Өзектілігі:
Зерттелетін аймақта жоғары патогенді құс тұмауы, аусыл және нодулярлы дерматит індетті ауруларды зерттеу өзекті болып табылады. Бұл аурулар өте жұқпалы, үй жануарларын, жабайы аңдар мен құстарды зақымдайды, аз уақыт ішінде жұқпалы ошақтың шекарасын арттырады. Бұл індеттердің өршу ерекшеліктерінің жекелеген жағдайлары осы аурулардың эпизоотиялық қауіптілігін ескертеді.
Мақсаты:
Жобаның мақсаты – соңғы бес жылдағы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жоғары патогенді құс тұмауы, аусыл және нодулярлы дерматит ауруларына эпизоотиялық мониторинг жүргізу
Күтілетін нәтиже:
Патогенді құс тұмауының, аусылдың және нодулярлы дерматиттың пайда болуы мен таралуының әртүрлі факторларға тәуелділігі бағаланады. Көлдердің тығыздығы, жануарлар мен құстардың популяциясы, мал басы, ауру ошақтары көрсетілген карталар сызылады. Жануарлар мен құстардың иммундық деңгейі антидене титрін анықтау арқылы зерттеледі. Жануарлардың аусыл ауруына иммундық жағдайын анықтау үшін жануарлардың қан сарысуындағы құрылымдық емес ақуыздар зерттеледі. Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған баспаларда, сондай-ақ Scopus деректер базасында процентилі 35 пайыздан кем емес CiteScore деректері бойынша Web of Science деректер базасы бойынша индекстелген журналдарда жарияланады.
Қол жеткізілген нәтиже:
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары патогенді құс тұмауы, аусыл және нодулярлы дерматит ауруларының қауыпты факторлары зерттелді. Аталған аурулар бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шараларға талдау жүргізілді. Жұқпалы аурулардың пайда болуының бірқатар факторларға тәуелділігін көрсететін карталар құрастырылды. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 20 ауданынан құстардан, ірі қара малдан, ұсақ малдан, жылқы мен шошқадан қан сарысуы мен патологиялық материал алынды. Барлығы 3100 сынама зерттелді. Аталған сынамалар Тараз облысындағы (Отар) биологиялық қауыпсыздығы ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді.
Құс тұмауының таралуы туралы деректер негізінде эпизоотиялық карталар сызылды. Әр-түрлі құстардың тұмауға шалдығуына байланысты талдау жасады.