BR24992914 «Лигноцеллюлозалық қосалқы өнімдердің құндылығын арттыруға бағытталған құны жоғарылатылған өнімдерді өндірудің кешенді биотехнологиялық шешімдері».

Жоба жетекшісі: Бекбаев Қайрат Серікжанович, техника ғылымдарының кандидаты, Science professor.


Өзектілігі:

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардан булы газдардың бөлінуі және жинақталуы, негізінен көміртекті шикізатқа негізделген экономика салдарынан, көмірқышқыл газының көп мөлшерде жиналуына алып келеді. Лигноцеллюлозалық қалдықтар – энергия мен химиялық заттардың тұрақты өндірісі үшін өте перспективалы жаңартылатын шикізат болып табылады. Сондықтан, айналмалы биоэкономика концепциясы пайда табудың және лигноцеллюлозалық қалдықтарды рационалды пайдаланудың келешегі зор стратегиясы болып табылады. Мұндай зерттеулер «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы», "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдамасы және «Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы» сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында қарастырылған мәселелерді шешу үшін өзекті болып табылады.


Мақсаты:

Лигноцеллюлозалық ірі тонналы жанама өнімдер мен өндірістік және тұтыну қалдықтарынан құны жоғарылатылған өнімдерді (биосутек, биометан, биоэтанол, биобутанол және биомасса) өндіру, жанама өнімдерді ұстау және кәдеге жарату, органикалық компоненттерді алу үшін сутекті пайдалану және ет және сүт өнімдерін өндіру тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-техникалық шешімдер кешенін әзірлеу.


Күтілетін нәтиже:

Мақсатты өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін, қалдықтарды тиімсіз өңдеумен байланысты қоршаған ортаға әсерді төмендететін лигноцеллюлозалы қалдықтарды пайдаланудың тиімді ұсынымдары мен тәжірибелері;

Молекулалық сутегі өндіруге арналған органикалық заттарды, оның ішінде ашытылатын қанттарды алудың технологиялық режимдерінің оңтайлы параметрлері;

Лигноцеллюлозалы шикізатты қайта өңдеу қалдықтарынан молекулалық сутегі алудың жетілдірілген
технологиялық схемасы;

Органикалық заттарды, оның ішінде ашытылған қанттарды алудың жетілдірілген әдістері;

Жанама өнімдерді (СО2, СН4 және т. б.) құрамында сутегі бар қалдықтар қоспасына ұстауға, және жоюға қабілетті жаңа ғылыми негізделген функционалды материалдар;

Лигноцеллюлозалы қалдықтарды валоризациялау әдісін таңдау жарамдылығы туралы түсінік беретін қоректік компоненттер және ықтимал ластаушы заттар бойынша егжей-тегжейлі құжаттама;

Микроорганизмдермен байланысты тәуекелдерді басқару стратегияларын қоса алғанда, қайта өңдеу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін қалдықтарды пайдалану әдістерін оңтайландыру бойынша ұсынымдар мен нұсқаулықтар;

Тамақ өндірісі үшін сутекті қолданудың тиімді технологиялық режимдері;

Жаңа бифункционалды материалдардың қатысуымен лигноцеллюлоза қалдықтарынан жанама өнімдерді (СО2, СН4 және т.б.) ұстау мен өңдеуді жүргізудің тиімді технологиялық режимдері;

Жанама өнімдерді (СО2, СН4 және т. б.) ұстау мен түрлендіру кезіндегі бифункционалды материалдардың адсорбциялық және каталитикалық қасиеттерін болжау бойынша жаңа білім;

Қалдықтарды кәдеге жарату шығындарын азайту арқылы лигноцеллюлозалы қалдықтарды валоризациялаудың экономикалық орындылығын көрсететін ғылыми негізделген технологиялық шарттар мен экономикалық бағалау;

Жаңа бифункционалды материалдардың қатысуымен лигноцеллюлозалы қалдықтардан cутекті қоспаға жанама өнімдерді (СО2, СН4 және т. б.) ұстау мен өңдеуді жүргізудің тиімді технологиялық режимдері.


Қол жеткізілген нәтиже:

-