«Биогумус өндіру»

Ғылыми жоба жетекшісі: Досмағанбетова Ақерке Оралғазықызы


Өзектілігі:

Биогумус топырақтың құнарлылығын, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартады. Биогумус қолданылғаннан кейін топырақты бірнеше жылдар бойы қатарынан қолдануға болады. Биогумустың пайдасы:

  • өнімділікті 1,5-2 есе арттырады;
  • өсімдіктер тез сіңіреді;
  • жемістердің дәмін жақсартады;
  • өсімдіктердің иммунитетін нығайтады;
  • олардың өсуі мен дамуын тездетеді;
  • көшеттердің жоғары өмір сүруін қамтамасыз етеді.


Мақсаты:

Факультеттің оқу - клиникалық базасының ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының органикалық қалдықтарын өңдеу арқылы вермиферманы құру. Органикалық тыңайтқыштарды өңдеу үшін калифорния құрттарын өсіру, экологиялық таза өнім биогумус алу.


Күтілетін нәтиже:

1. Вермиферманы құру және өсімдіктердің өсуі мен дамуына пайдалы әсер ететін экологиялық таза өнім «Биогумус» өндіру.
2. Бұл технология арқылы оқу корпусының аумағын органикалық ластанудан тазартуға және топырақ құрылымын жақсартуға болады.
3. Жобаны іске асыру студенттердің практикалық дағдылары мен құзыреттілігін нығайтуға ықпал етеді.


Қол жеткізілген нәтиже:

Биогумус топырақтың құнарлылығын, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартады. Биогумус қолданылғаннан кейін топырақты бірнеше жылдар бойы қатарынан қолдануға болады.