Рапикова Сандугаш Ануарбековна

Департамент директоры

Байланыс

071400 Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 "А"
Кабинет: 404
dav@shakarim.kz

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті


Негізгі қызмет түрлері:

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметі келесілерге бағытталған:

  • академиялық мәселелер бойынша университеттің барлық құрылымдық бөлімдердің қызметін үйлестіруге;
  • Академиялық кеңестің, академиялық сапа бойынша Комиссияның және Академиялық комитеттің жұмыстарын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және үйлестіруге;
  • білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру процесін әдістемелік қамтамасыз етуге;
  • профессорлық-оқытушылық құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) оқу үрдісінде қолданатын оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуін әдістемелік қамтамасыз етуге;
  • оқу материалының мазмұнының өзектілігіне мониторинг жүргізу, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және білім алушылардың білімін бақылауға;
  • оқу және оқу-әдістемелік үрдістерін жақсарту бойынша перспективалық бағыттарын анықтауға;
  • кадрларды даярлаудың барлық деңгейлері бойынша оқу үдерісін уақтылы жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіруге;
  • жоспарлы құжаттарды даярлануын қадағалау және ұйымдастыруын бақылауға: жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң мемлекеттiк бiлiм беру стандартының талаптарына және Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҒжЖБМ) әдістемелік нұсқауларына сәйкес жұмыс оқу жоспары, оқу процесiнiң кестесi;
  • жұмыс оқу жоспарына сәйкес ББ және курстар контекстінде жылдық оқу жүктемесінің есебін дайындауды уақтылы қамтамасыз етуге;
  • академиялық күнтізбеде көзделген тәжірибелердің барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру және түлектердің жұмысқа орналасуы, кәсіби дамуы мен мансаптық өсуі үшін кәсіби бейімделуге, дуальды оқытуға жәрдемдесу;
  • университет пен жұмыс берушілер, тәжірибе базасының жетекшілері арасында кері байланыс орнату және кеңейту бойынша жұмыстарды үйлестіру, мамандарды даярлау сапа менеджменті жүйесінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО), жұмыспен қамту қызметі органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен өзара жұмысты үйлестіруге;
  • түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіруге: бос орындар жәрмеңкелері, мансап күндері, кәсіпорындар мен жұмыс беруші ұйымдардың тұсаукесері, түлектерді бөлу (жеке бөлу), конкурстар;
  • «Platonus» АЖ, Ұлттық білім беру деректер қоры (әрі қарай – ҰБДҚ), Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖББП), «Қаржы орталығы» АҚ контингенттің оқуға түскен кезден бастап оқуын аяқтағанға дейінгі қозғалысын есепке алуды, тіркеуді және мониторингін уақтылы қамтамасыз етуге;
  • контингенттің қозғалысы туралы, білім берудің барлық деңгейіндегі (студенттер, магистранттар, докторанттар, дайындық бөлімі) білім алушыларға қатысты барлық процестер бойынша уақтылы бұйрықтар шығаруына;
  • Университеттің бухгалтерлік есеп бөлімінің, ҚР ҒжЖБМ мәліметтерімен ай сайын, тоқсан сайын білім алушылардың оқу формасы, білім беру бағдарламасы, тобы және оқу тіліне тексеруге және контигентке салыстырмалы талдау жүргізуге;
  • университеттің құрылымдық бөлімдерінің, ҚР ҒжЖБМ және басқа да мекелер мен ұйымдарының сұраныстары бойынша статистикалық мәліметтерді жылдам ұсынуды қамтамасыз етуге;
  • 1 курсқа қабылданған студенттердің жеке құжаттарын қабылдау комиссиясынан уақытылы алу, олардың нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын және сақталуын қадағалауға;
  • оқуға түсу кезінде квоталармен сәйкес студенттерді есепті ұйымдастыруды бақылауға және оларды дәлелдейтін құжаттар уақытылы өткізуін қадағалауға;
  • академиялық топтар бойынша білім алушылардың жеке құжаттарын даярлау және оларды дұрыс тәртіпте ұстауды ұйымдастыруға, бітірушілердің, оқудан шығарылған студенттердің және оқуын аяқтағандардың жеке құжаттарын Университеттің ведомстволық мұрағатына тапсыру процесін ұйымдастыруға;
  • Университеттің ішінде, Университеттен білім алушыларды ауыстыру/қалпына келтіруді ұйымдастыруға және сүйемелдеуге, Қазақстандағы және шетелдегі басқа жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара әрекетті ұйымдастыруға;
  • білім алушылардың электронды және қағаз түріндегі құжат айналымын уақтылы өңдеу және рәсімдеуге;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің бос гранттары мен стипендияларына үміткерлердің құжаттар пакетін қараудың барлық процестерін сапалы ұйымдастыруды үйлестіруге (конкурс комиссиясының құрамын бекіту, үміткерлердің құжаттарын тексеру, конкурс комиссиясының отырысын өткізу, құжаттар топтамасын ҚР ҒжЖБМ-не және ЖАО-ға беру;
  • жыл сайын 3-НК статистикалық есебін уақытылы өткізуге;
  • «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытылы орындауға;
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытылы орындауға (білім туралы құжаттардың бланкілерін дайындауға өтінім дайындау, қатаң есептілік бланкілерінің есебін жүргізу, ҚР ҒжЖБМ есеп беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын дайындау және беру);
  • «Жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары» жүзеге асыру және және мемлекеттік грант бойынша оқитын студенттерге жол ақысын тағайындауға.

Жаңалықтар
  • «Семей қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектеп» филиалына жұмыс сапар
    28.10.2021
    «Семей қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектеп» филиалына жұмыс сапар
  • Практика базаларын кеңейту
    27.10.2021
    Практика базаларын кеңейту
  • Soft skills дамыту тренингі
    21.10.2021
    Soft skills дамыту тренингі