Шәкәрім университетінің баспасөз қызметіжастар саясаты, абай жастары

«АБАЙ ЖАСТАРЫ» SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРIМЕН КЕЗДЕСТI

24 сәуір – Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні аясында «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы Shakarim University студенттерiмен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жастарға арналған жобалар туралы баяндалды.
Жастар арасында отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, жұмыссыздықты жоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен кешенді шараларды көбейту қажеттігін айтты.
«Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар арасындағы негізгі мәселе жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда жұмыстар іске асырылуда. Сондықтан, жас буын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек", – деді «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айдос Абылғазыұлы.
Кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында студент жастардың бос уақыттарын қалай тиімді қолдану және волонтерлік іс туралы ақпараттар берiлiп, ерiктiлер қатарына қосылу тақырыптары төңірегінде сөз қозғалды.
Жастар орталығы мен жалынды студенттерге сәттiлiк тiлеймiз!