Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 желтоқсан 2024зертхана

АГРОТЕХНОПАРК ЗЕРТХАНАСЫНДА

Shakarim University Агротехнопаркінің ғылыми қызметкерлері Ветеринария және ауылшаруашылығы зерттеу мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамын орталық лабораторияларында жүргізіліп  жатқан зертханалық жұмыстармен таныстырды.

 

"Агротехнопарк" директоры Шыңғыс Сүлейменов  әріптестерін Biobase  компаниясының заманауи технологияларымен жабдықталған, нақты уақыт режимінде зерттеулер жүргізуге арналған ПТР зертханасына қарай бастады.  Бұл зертхана биыл ашылған болатын.

 

Зертханаларда микробиологиялық зерттеулер, азық-түлік өнімдеріндегі радиациялық фонды анықтау, ауыр металдарды анықтау, сүттің сапасын зерттеу, патологоанатомиялық зерттеулер, өсімдік құрамының физика-химиялық құрамын анықтау сияқты бірқатар зерттеулердің жүргізілу әдістері мен зерттеуге қолданылатын  заманауи құрал-жабдықтар таныстырылды. Ғылыми қызметкерлер әр зертхананың ерекшелігі мен оның мүмкіндіктері туралы толыққанды ақпарат беріп, профессорлық-оқытушылық құрамның сұрақтарына жауап берді.

 

Сонымен қатар, іс-шара барысында Агротехнопарктің ғылыми әлеуетін арттыру, зерттеу әдістерін жетілдіру және жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Шыңғыс Сүлейменов университет зертханалары білім, ғылым және өндірісті біріктіретін инновациялық орталық екенін  атап өтті. Агротехнопарктің зертханалары студенттер мен оқытушыларға практикалық дағдылар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен  мүмкіндік береді.