Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 желтоқсан 2021

ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ӨТТІ

Шәкәрім университетінде кезекті докторлық диссертация қорғауы өтті. Диссертациялық кеңес алғаш рет университетімізде тамақ саласы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары бойынша 2016 жылы 31 наурызда бастау алған болатын. Бүгінгі таңда қорғау пандемияға қарамастан online режимде өтуде.
Жұмыстың ғылыми кеңесшілері қатарына Семей, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Барнаул қалаларындағы ЖОО мен ғылыми ұйымдардың белгілі ғалымдары кірді.
Алғы сөз Басқарма төрағасы Б.Ердембековке берілді. Университет басшысы диссертациялық қорғаудың маңыздылығына тоқталды. 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізгендігін, осы өзгерістерге сай диссертациялық кеңестің тұрақты құрамын бекіту, уақытша мүшелер енгізу үрдісі бекітілгендігін айтты. Сонымен қатар университетімізбен білім және ғылым саласында әріптестік қарым-қатынастар одан әрі жалғасатындығына сенім білдірді.
«Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша «Өндіріс және қайта өңдеу салалары» дайындық бағыты бойынша Алибек Мұратбаев пен Асемгуль Байкадамова қорғады.
Қорғау барысында диссертациялық кеңес мүшелері арасында кең пікірталас орын алды. Тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы белгіленді.
Диссертациялық кеңестің құрамына отандық және шетелдік ғалымдар кірді:
1. Какимов А.К. – т.ғ.д., профессор «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы;
2. Майоров А.А.– т.ғ.д., профессор, «Федералдық Алтай агробиотехнологиялық ғылыми орталығы» ФМБҒМ, Барнаул қ., Ресей Федерациясы.
Диссертациялық кеңес мүшелерінің құрамы:
1. Амирханов К.Ж. – Шәкәрім университеті, т.ғ.д., профессор;
2. Жарыкбасова К.С. – Alikhan Bokeikhan University, т.ғ.д., проректор;
3. Есимбеков Ж.С. – ЖШС Семей филиалының «Қазақтың өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» PhD доктор;
4. Какимова Ж.Х. – Шәкәрім университеті, т.ғ.д., қауымд.профессор.
Кеңестің уақытша мүшелері:
1. Темербаева М.В – Инновациялық Еуразия университеті, т.ғ.к доцент
2. Мухтарханова Р.Б – Алматы технологиялық университеті, т.ғ.к., қауымд.профессор
3. Таттибаева Д.Б - Алматы технологиялық университеті, т.ғ.к PhD доктор
4. Жакупова Г.Н – С.Сейфуллина атындағы қазақ агротехникалық университеті, т.ғ.к доцент
5. Кажибаева Галия Тулеуевна – т.ғ.к, «Биотехнология» кафедрасының профессоры, «Торайгыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ.;
6. Сериккызы Мира Сериковна – PhD, қауымдастырылған профессор, қашықтықтан оқыту факультетінің деканы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ.;
7. Игенбаев Айдын Каирбекович – PhD, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ, Нұр-Сұлтан қ.;
8. Тунгышбаева Улбала Облбековна – PhD, «Азық-түлік қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының сениор-лекторы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ..
Ресми рецензенттер:
1. Смаилова Ж.Ж – Қорқыт ата атындағы университеті, т.ғ.к
2. Матибаева А.И - Алматы технологиялық университеті, т.ғ.к., қауымд.профессор
3. Узаков Ясин Маликович – т.ғ.д., «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ.;
4. Байтукенова Шолпан Байдильдаевна – т.ғ.к., «Биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессорының м. а., «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ, Нұр-Сұлтан қ.