Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 сәуір 2024дәріс, компания өкілдері, тағылымгер

KAZ MINERALS КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚОНАҚ ДӘРІСІ

Shakarim University KAZ Minerals компаниясының өкілдері жоғары курс студенттері мен түлектері үшін қонақ дәріс өткізді.
KAZ Minerals – Қазақстан мен Қырғызстандағы мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі. Қазақстанда "Ақтоғай" Абай облысындағы және "Бозшакөл" Павлодар облысындағы ашық үлгідегі мыс кеніштерінде қызметтерiн жүзеге асырады. Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніштері мен үш байыту фабрикаларында жүргізіледі. "Ақтоғай" кен орнының аумағында ашық кеніш, 2 байыту фабрикасы және оксид зауыты орналасқан.
KAZ Minerals Aktogay компаниясы өкiлдерi және HR-менеджерлері
барлық сұрақтарға жауап берді. Дәріске қатысушыларды «Тағылымгер» бағдарламасы, өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту мүмкіндігі, жұмыс кестесі және жұмысқа орналасу жағдайындағы артықшылықтары туралы ақпарат қызықтырды.
Қазақстан нарығындағы көшбасшымен және әлемдік нарықта танымал KAZ Minerals компаниясымен кәсіби практикадан өту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша перспективалық ынтымақтастық университеттің білім алушылары мен түлектеріне озық технологияларды игеруге, шетелдік әріптестермен жұмыс тәжірибесін алуға және еңбекке тартымды ақы төлеуге, жинақталатын тәжірибе және үздіксіз өндірістік оқыту процесінде мансаптық өсуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, қатысушыларға қызықты викториналық ойын өткізіліп, бағалы сыйлықтар берілді.