Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 қазан 2021кітапханашылар

КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

15 қазан – Кітапханашылар күніне орай Шәкәрім шаңырағында мерекелік шара болды.

Білімнің қайнар көзі кітап екені белгілі. Адамзат баласын осы біліммен сусындататын рухани орта, ол – кітапхана. Онда жұмыс істейтін мамандардың еңбегі қашан да ұшан-теңіз. Салтанатты жиында осылай деген Ғылыми кітапхана басшысы Жоламанова Назира Кенесбековна университет кітапханасы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, абырой биігінен көрініп жүрген кітапханашыларды Алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік шара соңы аталмыш білім ошағының өнерлі Филология факультеті студенттерінің алдын-ала дайындаған концерттік бағдарламасымен ұласты.