Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 желтоқсан 2021

МЕДИА АЙДАР: ҚҰРЫЛЫМ КЕЛБЕТІ "Агротехнопарк"

2021 жылдың 25-27 қарашасында "Агротехнопарк" ҒО басшысы Сәуле Сейілғазина Әзірбайжан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ҒЗИ-дың 120 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы ветеринария – болашаққа арналған инновация» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Конференция Баку қаласында өтті. Аталмыш конференцияны  Ауыл шаруашылығы министрі Инам Керимов пен ВНИИ директоры Сиала Рустамова ұйымдастырды.
Конференцияға Украина, Түркия, Қазақстан,Татарстан, Ресей, Дағыстан және Әзірбайжан елдерінің ғалымдары қатысты.

Конференция барысында ветеринарияға жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ соңғы жылдардағы практикалық және теориялық ғылыми зерттеулердің нәтижелері, ветеринариялық санитария, емдік профилактика, молекулалық биологияның болашақ перспективалары туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар Шәкәрім университеті пен Әзірбайжан Республикасының Ветеринария Ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Осы Келісімнің нысанасы университеттер арасындағы білім беру және ғылыми , инновациялық мүмкіндіктерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 
Келісім профессор-оқытушылар құрамының, магистранттар мен PhD докторанттарының академиялық ұтқырлығын құру және жүзеге асыру, ПО-да, жоғары оқу орындарынан өтуде университеттер арасындағы қатынастарды реттейді. 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің басшылығы атынан Әзірбайжан Республикасы ВҒЗИ басшылығына ынтымақтастық үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Өз кезегінде Әзербайжан Республикасының ВҒЗИ директоры Сиала Рустамова жемісті ынтымақтастық үшін алғыс белгісі ретінде Басқарма төрағасы – Ректор Б.Ердембековке пен "Агротехнопарк" ғылыми орталығының басшысы С. Сейілғазинаға сертификаттар табыс етті.