Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 қазан 2022министрмен кездесу, шәкәрім жастары

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек coffee-break форматында Шәкәрім университетінің жастарымен кездесті.
Кездесу барысында министр бүгінгі ақпарат саласындағы түйіткілді тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітті.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда кез-келген жұмыстың негізгі аспектісі мен бағыты ақпаратпен жұмыс жасау болып табылады. Ақпаратты дұрыс сұрыптай алған маман жетістікке жететіндігін айтты.
Еркін диалог алаңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ Шәкәрім жастарының өзекті мәселелері назардан тыс қалмады. Саясат Нұрбек жастардың алды кітаптан гөрі цифрлы гаджеттерді пайданылатындығын атап өтіп, Люси Джо Палладиноның «Максимальная концентрация» кітабын оқуға кеңес берді.
«Бүгінде әлеуметтік желілердің даму тенденцияларына байланысты түрлі көзқарастар бар. Әрине, оның даму басымдықтары әлеуметтік желі бағыт алып отырған мақсатты аудиториямен тікелей байланысты. Негізінен әлеуметтік желілерді белсенді әлеуметтік күш саналатын жастар кеңінен пайдаланады. Бұл өз кезегінде кітап құндылығының жоюлуына әкеліп соғады», –деді Саясат Нұрбек.
Кездесу соңында министр бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдықтарының бірі болып табылатындығын, жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алатындығын айтты.