Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 ақпан 2024кездесу, ардагерлер

ОБЛЫС ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Шәкәрім университетінің Ардагерлер кеңесімен кездесті.
Ең алдымен облыс әкімі өңірді өркендету бағытында Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмалары төңірегінде ой өрбітті. Сол мақсаттарға қол жеткізу үшін межеленіп отырған жүйелі жоспарларына да қысқаша тоқталды. Сонымен бірге жаңа саяси өзгерістерге сай халықпен пікірлесіп, ардагерлермен ақылдаса отырып жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында өңір басшысы жастар тәрбиесіндегі қоғамдық құндылықтарды қалыптастырудағы ардагерлердің рөліне тоқталды. Және осы жолда бірлесіп еңбек етуге, ақсақалдардың ақыл-кеңестерін, ұсыныс-тілектерін тыңдауға әзір екенін айтты. Сонымен қатар өңірді дамытудың алдағы мақсат-міндеттері жайлы әңгімелесіп, пікір алмасты.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде Ардагерлер кеңесінің мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, Абай өңірінің имиджін көтеруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.