Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қараша 2021

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛІНІҢ КЬЮНГДОНГ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ.

Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту біздің университетіміздің басты стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Жасалған меморандумдар мен келісімдер аясында студенттермен алмасу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, бұл өз кезегінде имиджді одан әрі дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Осы орайда Оңтүстік Корея елінің Кьюнгдонг университетімен келісім туралы меморандумға қол қойылды.

Онлайн режимде өткен жиынға Кьюнгдонг университетінің басшылығы мен Басқарма төрағасы Б.Ердембеков, Басқарма мүшесі И.Оралканова, Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы А.Койчубаев қатысты.

Жоғары оқу орындарының серіктестігі 2016 жылы басталған болатын. Ағымдағы жылы бакалавриаттың үш бағдарламасы (Бизнес әкімшілендіру, Қонақ үй менеджменті, Смарт есептеулер) бойынша алғашқы түлектер бітіріп шықты. Жазғы лагерьлік бағдарлама бойынша Оңтүстік Кореядағы Кьюнгдонг университетіндегі Кампус қаласына 50-ден астам білім алушы келді, университет оқытушылары Оңтүстік Кореяда семестр өткізді. Бүгінгі меморандумда Shakarim-Kyungdong ынтымақтастық орталығы өзінің тиімділігі мен тұрақтылығын қайта қарастырып, жетілдірді.

Кьюнгдонг университетімен ынтымақтастықтың жаңа кезеңі студенттер ұтқырлығының жаһандық бағдарламасының жобасы болып табылады.

Қос дипломды бағдарламалардың білім алушылары мен Шәкәрім университетінің басқа да бағдарламаларының студенттері бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындарының серіктестік желісінде оқуға мүмкіндік алды.