Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 қаңтар 2022

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ: СЫН МЕН МІН

Апостилді, заңды екен деп немесе оқу орнымыз көп бейімді, яғни көп салалы деп, мамандықтар санын көбейту – университет ертеңіне кепіл бола алмайды. Университет басшысы былтырдан бері айтып келе жатқан осы ұстанымын тағы да алдыға тартты.
Университет басшылығы мен Инженерлік-технологиялық факультеттің профессор-оқытушылар құрамымен бүгінгі кездесуі осылай оқу орнының профилдену саясатынан басталды. Бәсекеге қабілетсіз мамандықтарды жауып, тек үздік мамандықтарға екпін түсіріліп, солардың дамуына жол аша түсуіміз қажет. Сондай-ақ ондай мамандықтарды оқытуда республикалық аккредитациялық және рейтингілік агенттіктердің талабының алдында ақтап алып шығу да еңбектің күші.
Университет ректорының тоқталған мәселелерін Білім сапасын бақылау орталығының жетекшісі Ж.Мұқаев республикалық аккредитациялық және рейтингілік агенттіктердің мониторинг қорытындысын бойынша дайындалған слайдтар арқылы көрсетіп отырды.
Басқа да мәселелер бойынша деректер ортаға салынып, оқу жылының бірінші жарты жылдығында жасалған жұмыстарды сараптап, кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды талқыланды.
Жиында факультеттің барлық тынысы – кадрлық әлеуеті, оқытушылардың ғылыми жұмыстарының жариянымы, құрылымның ғылыми жобалары, «Үздік ғылым қызметкер - 2021» конкурсындағы құрылым көрсеткіші, контенттік мониторинг, 2021-2022 оқу жылындағы кафералардың даму жоспарының барысы, студенттердің білім сапасына қанағаттанарлығын бағамдайтын анкета жүйесінің бүгінгі нәтижесі, ПОҚ-тың жеке жоспарларының орындалу барысы, оқытушылардың сабақты босату фактілері және жауапсыздыққа жасалған шаралар қорытындысы – барлығы-барлығы талқыланды. Жарты оқу жылы бойынша кеткен олқылықтар мен кемшіліктерге қарсы шаралар нақтыланып, құрылым басшыларына тапсырмалар берілді.
Аталмыш шаралар келесі жарты жылдық бойы үзбей қадағалауда болып, жыл аяғындағы осындай талқылауда оң нәтиже көрсетеріне сенім артамыз. Шаңырағымыздың мерейі арта бергей!