Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 ақпан 2024құқықтық сауаттылық, правовая грамотность

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде Абай облысының Әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясы аясында Shakarim University студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Абай облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімнің бас маманы Мақсат Исаханов, Абай облысының нотариаттық округінің нотариусы Дияра Абдрахманова, Абай облысының заң кеңесшілер палатасының заң кеңесшісі Фарид Нұрғажанов, Абай облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Сүйініш Қайсанов және Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Баймағанбетов қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға құқықтық кеңес беру, құқықтық сауаттылығын арттыру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында университет студенттеріне құқықтық мәселелер бойынша толықтай кеңестер беріліп, толғандырып жүрген сауалдарына нақты жауаптар алынды.
Айта кету керек, жастардың құқықтық белсендiлiгiн арттыруда осындай іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылуы оң нәтиже берері анық. Сондықтан да, бүгінгі қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға көбiрек көңiл бөлінуде.